«CyberPatient» тренажер-платформасы: медициналық оқытуға инновациялық тәсіл

Медициналық тәжірибеде оқулықтар мен дәрістер сияқты оқыту әдістері олардың тиімділігімен шектелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда жаңа технологиялардың пайда болуымен инновациялық әдістер дамуда, олардың бірі медицина бағыты бойынша білім алушының кәсіби қызметін тереңдетуге негізделген «CyberPatient» платформа-симуляторы болып табылады.
12-13 маусымда Қашықтан білім беру технологиялары бөлімінің басшылығымен онлайн-тренажердің негізін қалаушы, LTD Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры және президенті доктор Кәрім Каюмиймен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ПОҚ басшылары білім берудегі виртуалды модельдеудің рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ Кәрім Каюми «CyberPatient» онлайн-тренажері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, «The role of virtual Simulation in Competency-Based Education» тақырыбында дәріс оқыды.

Сапар аясында «CyberPatient» онлайн-симуляторын пайдалану бойынша екі жақты ынтымақтастыққа жалғасын табады. «CyberPatient» цифрлық платформасымен танысу және білім беру процесіне енгізу қолданыстағы медициналық білім беру жүйесіне жаңа және маңызды қосымша болып табылады.
Бұл онлайн платформа білім алушыларға белгілі бір ауру туралы ақпаратқа толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Модель медициналық білім беруде маңызды болып табылады және білім алушыға науқысты алғашқы қабылдаудан бастап босатуға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Қиындық дәрежесі бойынша жоғарылайды, сондықтан білім алушылар оқудың ертерек кезеңінде қарастырған жағдайларына оралып, осы нақты ауруды диагностикалау мен емдеудің күрделі аспектілерін зерттей алады. «CyberPatient» дәрігер мен науқастың өзара әрекеттесуін барынша дәл модельдеуге арналған
CyberPatient – білім алушыларды қолдауға, сенімділікті арттыруға және клиникалық дағдыларды дамытуды жақсартуға арналған виртуалды оқу ауруханасы.

15.06.2023, 11:36
476 қаралым