COVID-тен кейінгі синдром

22.02.2022ж. күні «Ішкі аурулар пропедевтикасы»» кафедрасының ассистенттері: м.ғ.магистрі Э.О.Аманова, Г.А.Токтарова, М.Б.Батхиева, Г.А.Рысбековалардың ұйымдастыруымен 3 курс алыс шетел жалпы медицина мамандығы студенттері арасында «COVID-тен кейінгі синдром» тақырыбында ғылыми конференция өткізілді.

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының оқу ісі меңгерушісі Х.Т.Қорганбаева конференцияны ашып, COVID-тен кейінгі синдромының өзектілігін, асқыну қауіптілігін, негізгі алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндірді. Осы талданып отырған тақырып болашақ дәрігерлер үшін аса қажетті екенін айтты. Қызығушылық танытып, ізденген барша студенттерге алдағы уақытта сәттілік тіледі.
В-ЖМША-05-19 тобының студенттері Aman Fatima және Leishangthem Tonyblair COVID-19 вирусы дүниежүзі елдеріне таралып, тұрғындардың денсаулық сапасына әсер етіп, тіпті өлімге әкеліп соқтырып, ел экономикасына да зардабын тигізіп өзекті мәселеге айналғанын, бұл дертпен ауырған науқастың оңалту шараларының аса маңызды екенін атап өтті.
Конференция барысында студенттер «COVID-тен кейінгі синдром» медициналық терминіне түсініктеме беріп, бұл синдром кезіндегі шағымдар, анамнез жинау, физикалды тексеру әдістері, диагностикалық, емдеу әдістері, қалпына келтіру, алдын-алу шаралары, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері, жалпы COVID-тен кейінгі синдром кезіндегі науқасты жүргізу ерекшеліктеріне арнайы тоқталып ауқымды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар COVID-тен кейінгі синдром туралы дайындалған бейне жазба көрсетіліп, түсіндірілді.
Кері байланыс орнату мақсатында аталған тақырып бойынша конференцияға қатысушылар дайындаған кроссворд, тест сұрақтарына көрермен болып келген студенттер жоғары деңгейде жауап берді.
Аталған іс-шараға арнайы шақырылған Қалалық диагностикалық орталығының кардиолог дәрігері, м.ғ.магистрі Ризаходжаев Абдумуталиб Абдумажитович сөз алып, ковидтен кейінгі синдромның аса қауіптілігін, сақтану жолдары мен реабилитациялық шаралары туралы қосымша ақпарат беріп, өз тәжірибесіндегі болған клиникалық жағдайлар туралы ой-пікірімен бөлісті.
Конференция соңында «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының м.ғ.магистрі, ассистенті Э.О. Аманова белсене қатысқан студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

24.02.2022, 19:27
521 қаралым