COVID-19 ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ОҚМА ІС-ШАРАЛАРЫ

Қазіргі уақытта әлемдік жұртшылықтың алаңдаушылығына айналған коронавирустың жаңа түрінің COVID-19 туындаған ауру пайда болды. Жаңа коронавирус соңғы 17 жылда өлімшілдікке ұшыраған ауыр жедел респираторлық синдром - SARS-CoV және Таяу шығыс респираторлық синдром - MERS-CoV коронавирус сияқты вирустардың тұқымдастығына жатады. 30 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты әлемдік маңызы бар төтенше жағдай ретінде таныды. 2020 жылдың 13 ақпанда ДДҰ мәліметтері бойынша 59 493 адам жұқтырған,аурудың дәлелденген жағдайы деп есептелді. Барлығы 1355 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі Қытайдан тыс елдерде. COVID-19-дың диагностикалық критерийлері: жасырын кезеңі - 2-14 күн, ауру жедел басталады; дене температурасының жоғарылауы; қалтырау, терлегіштік; жалпы әлсіздік; миалгия және дененің сырқырауы; бас ауруы; мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағу( ринорея, түшкіру); жөтел (құрғақ немесе аз мөлшерде қақырықпен); ентігу; тыныс алудың қиындауы; кеуденің қысылу сезімі; диарея; жүрек айнуы; құсу. ОҚМА клиникалық кафедралардың қызметкерлері Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының медициналық ұйымдарының дәрігерлеріне СОVID-19 коронавирустық инфекция туындаған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар, алғашқы диагностика, дәрігердің емдеу тактикасы, алдын алу мәселелері жөнінде оқыту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ 28.01.2020 ж. – 12.02.2020 ж. аралығында 7012 әр түрлі мамандықтағы дәрігерлерге: медициналық ұйымдардың басшылары, ЖТД, инфекционистер, жедел шұғыл медициналық көмектің дәрігерлері мен фельдшерлері, эпидемиологтар, дәрігер-зертханашылар, пульмонологтар, реаниматологтар, педиатрларга оқу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ОҚМА студенттері мен резиденттеріне, оқу корпустары мен жатақханаларда дәрістер оқылды. "Жалпы медицина" мамандығының оқу бағдарламаларына COVID-19 тақырыбы енгізілді.Кафедра меңгерушілері Абуова Г.Н.,Кауызбай Ж. А.,Досыбаева Г. Н., Асанова Г. К., Датхаева Г. М., Сейдахметова А. А., Абдурахманов Б. А. ҮББФ-нің декан орынбасары Назарова Д.Ш. Түркістан және Жамбыл облыстарының барлық аудандарында, Шымкент қаласында дәріс топтарын қалыптастыруға және оқыту семинарларын өткізуге белсенді қатысты. Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының доценті Бердалиева Ф. А. буклеттер, үлестірмелі әдістемелік ұсыныстар, COVID-19 бойынша оқыту бейнероликтері жасады. Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедра меңгерушісі, профессор Абуова Г.Н. коронавирусты инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын әзірлеушілердің бірі, коронавирусты инфекция мәселелерін оқыту бойынша республикалық штабтың мүшесі болып табылды, аталған патология бойынша дәрістер оқыды. ОҚМА қызметкерлерінің аймақтарда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыстары жалғасуда.

1500 1

1500 2

17.02.2020, 00:40
241 қаралым