ЧЕХИЯДАҒЫ ФАРМАКОГНОЗИЯДАН ТӘЖІРИБЕ

Студенттердің өндірістік тәжірибесі жоғары білікті фармацевт дайындауының маңызды бөлігі болып келеді. Осыны ескере отырып, біздің академия басшылығы студенттерге өздерінің теориялық білімдерін тереңдетіп және тәжірибеде қолдануы үшін әлемнің әр түрлі қалаларында орналасқан ең атақты фармацевтикалық ЖОО-дар мен ұйымдарында тәжірибені өтуге мүмкіндік берді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 5 курс 514 фк тобының студенттері Жиренбаева Д. және Куланбеков Б. фармакогнозия және химия кафедрасының профессор м.а. Орынбасарова К.К. бірге ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар университеті молекулалық биология және фармацевтикалық биотехнология кафедрасында фармакогнозиядан өндірістік тәжірибені өтті. Тәжірибе басында студенттер ВФҒУ мен молекулалық биология және фармацевтикалық биотехнология кафедрасының тарихымен танысты. Әрі, жұмыс жоспары бойынша, студенттер ВФҒУ ботаникалық бағында жұмыс істеп, түрлі дәрілік, сәндік және экзотикалық өсімдіктерді мәдени түрге енгізумен танысты: аю пиязы, кәдімгі зығыр, апиын көкнәр, дәрілік жалбызтікен, орхидея және т.б.

581 1

 581 2

Студенттер университеттің зертханасында бұрыш жалбызы, жатаған жебіршөп шөбінің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтау үшін жұқа қабатты хроматография әдісін жүргізді.

581 3

Сонымен қатар, эфир майларын алып, оның өсімдік тектес препараттардағы құрамын анықтады, осымен қатар ащы жусан шөбіне макроскопиялық және микроскопиялық талдаулар жүргізді.

581 5

Студенттер келесідей ЖТСХ түрлерімен талдау жасау техникасын меңгерді: ECOM HPLC from Prague, YL 9100 HPLC from Korea, Analytical HPLC&U HPLC Agilent from Canada, HPLC Column Supelco from India, HPLC MS-Australia.

581 6

Бұдан басқа студенттер Братислава қаласындағы Коменский университетінің медициналық факультетімен танысты.

581 7

Жиренбаева Д. және Куланбеков Б. өндірістік тәжірибе - дәрілік өсімдіктер саласындағы өздерінің білімдері мен дағдыларына сенімділігін арттыруға көмектескенін айтып өтіп,  ветеринарлық және фармацевтикалық  ғылымдар университетінде өндірістік тәжірибе өтуіне мүмкіншілік бергені үшін академия басшылығына алғыс білдірді.

01.07.2015, 04:18
558 қаралым