«CASE –STUDY» ӘДІСІН ҚОЛДАНЫП СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС
2015 жылдың 20 қараша күні «CASE–STUDY» әдісін қолданып ОҚМФА мәжіліс залында фармакогнозия және химия кафедрасының оқытушылары Тоқсанбаева Ж.С., Серикбаева Т.С., Туребекова Г.А., Патсаева К.К., «Фармация» мамандығының, 5 курс (507 фр) топтарына «Эфир майлары» тақырыбында және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының, 4 курс (401 тфп) топтарына «Терпеноидтар» тақырыбында студенттердің өзіндік жұмысы өткізілді. Ұйымдастырушылар фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Патсаев Ә.Қ. және фарм.ғ.к., профессор м.а. Орынбасарова К.К. болып табылады.
Мастер-класстың мақсаты: дағдыларды жетілдіру, мәселені шешудің әдісін ұғыну және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
CОӨЖ академиялық ұтқырлық бойынша ҚарММУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Астана медицина университетінде білім алып жатқан студенттермен бірге онлайн-режимде өтті.
Өткізілген мастер-класс біздің қонағымыз Пятигорск медицина-фармацевтикалық институтының ғылым бойынша директордың орынбасары, фарм.ғ.д., профессор Д.А. Коноваловтың қатысуымен жүргізілді және студенттерге топ болып бірегей мәселе төңірегінде жұмыс жасауға мүмкіндік бере отырып, уақытты үнемді пайдалану мақсатында қысқа мәліметтерді қолданып, сонымен қатар мәселелік оқытудың қағидаларын қолдануды үйретті.
Студенттер мастер-классты өздері дайындаған «Оңтүстік Қазақстан флорасында өсетін эфир майлы өсімдіктердің қорын зеттеу және мәдени түрге енгізу» және «Өсімдік шикізаттарынан терпеноидтарды бөліп алу және талдау» тақырыптарында ҒТЖ (ғылыми техникалық жоба) қорғап аяқтады.
Қарастырылып отырған әдіспен СОӨЖ оқыту әдісінің тиімділігі студенттер мен ПОҚ-н (профессор-оқытушылар құрамы) тестілеу мен сауалнама алу нәтижелеріне қарап бекітілді.