«BRAINSTORMING» атты олимпиадасы
Бүгінгі күні Қазақстанның Білім тұжырымдамасы жан-жақты, өрелі шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында білім беру мен ғылымға да ерекше көңіл бөлінген.Үштілді оқытудың жаңа концептуалды бағдарламасы ОҚМФА –ның м.ғ.д., профессор Б.Д.Сексенбаевтың колдауымен жоғары деңгейге көтерілуде.
2017 жылдың 30 қараша күні Үш тілді білім саясатын қолдау мақсатында шет тілдері кафедрасының меңгерушісі А.С.Сайфутдинованың бастамасымен «BRAINSTORMING» атты I курс студенттерінің арасында олимпиада өткізілді. Олимпиадаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «The United States of America», «Фармация» мамандығы бойынша «Russian Federation», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «United kingdom of Great Britain and Nothern Ireland», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Kazakhstan» және шетел студенттерінен құралған «India» командалары қатысты. Қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынасты. Әділ қазылар шешіміне сәйкес «The United States of America» командасы жүлделі I орынды, «Russian Federation» командасы II, «Kazakhstan» командасы III орынды иеленды. Қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.