«Бос орындар жәрмеңкесі»
2016 жылдың 13 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шараға академия басшысы, ОҚО «Фармация және медицина ұйымдары» ассоциациясының директоры Альжанова Х.Д, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік және кадр жұмысы бөлімінің міндетін атқарушысы Койшиева А.Р, Жамбыл облысы, Тараз қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қасмақасов С.Х., Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың бас дәрігері Демисенова Б.С., Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасы бастығының орынбасары Акыбаева О.А және Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесін ұйымдастыру секторының маманы Нурбекова А.С. Сонымен қатар, қалалық және аудандық медицина және фармацевтика мекемелерінен 60 адам медицина мекемелерінен (бас дәрігерлер-10, мекеме бастықтары-11, кадр бөлімінің бас мамандары 39) қатысты.
Жалпы бітіруші түлектердің саны 740, олардың ішінде:
· “Дәрігер-интерндер” 87
· “Қоғамдық денсаулық сақтау” 297
· “Фармация” 182
· “Мейірбике ісі” 90
· “Медико-профилактикалық іс” 56
· “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” 28
Аталған іс-шара барысында облыстарға, аудандық және ауылдық ауруханаларында жұмыс істеуге бітіруші алдын ала келісім шартқа отырды.
Дәрігер-интерндер мен бакалавриат мамандықтарының алдын ала жұмыспен қамтылғандарының көрсеткіштері бойынша:
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл -13 адам қала-8 адам
Қызылорда облысы ауыл-0 адам қала-0 адам
Жамбыл облысы ауыл-12 адам қала-0 адам
Қарағанды облысы ауыл-0 адам қала-6 адам
Солтүстік Қазақстан облысы ауыл-0 адам қала-7 адам
«Фармация» мамандығы бойынша 182/100%, 740 студенттердің ішінен 236 бітіруші түлектер алдын ала жұмыспен қамтылды.