«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдама

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында Ел Президенті адами капиталды ауқымды инвестирлеу жөніндегі міндеттерді атап өткен болатын. Стратегиялық құжатта отандық мамандарды кәсібилендіру бағдарламасына ерекше назар аударылған. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар Орталығының ұйымдастырылуымен алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер базасында ғылыми-педагогикалық тағылымдама ұйымдастыру беделді бағдарламалардың бірі болып табылады.

Осы жылдың 13 наурыз - 12 сәуір аралығында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі С.Қ. Ордабаева «Білім саласын басқару» мамандығы бойынша «Берлин техникалық университеті» (БТУ, Германия) базасында тағылымдамадан өтті.

763 1

БТУ профессор-оқытушылар құрамымен бірге жоғары білім беруді басқару және интеграциялық үдерістердің дамуы аясында  дәрістік-теориялық және практикалық-бағдарланған сабақтар жүргізілді. Сабақтарда Германияның жоғары мектептері мен университеттеріндегі білім беру үдерістерімен таныса отырып, ғылыми коммуникациялар, жоғары білімді интернационализациялау, өнертабыстық міндеттерді шешу теориясы, жоғары мәдени коммуникациялар және т.б. сұрақтар қамтылды.

763 2

BMW зауытының өндірістік үдеріс технологиясы, энергетикалық концерндер,  инновациялық энерготехнологиялар мен энергия және үдерістердің дәстүрлі алу көздерінің модернизациясымен, Smart Energy House құрастыру және эксплуатациялау мысалында «ақылды» технологияларды жасау мен өндіріске ендіру жолдарымен танысу мақсатында сол аталмыш өнеркәсіптерге саяхат жасалды.

763 3

Ағайынды Гумбольттар Университетінің халықаралық қызметі және Германия академиялық алмасу қызметінің (DAAD) Берлин офисінің жұмысымен танысып, онда алмасудың негізінде Германия ғалымдары және профессорларымен жеке қарым-қатынастың ең маңызды екені айтылды.

763 4

Тағылымдама нәтижесінде ғылыми-педагогикалық жоба дайындалып, БТУ құзыретті мамандары мен ұйымдастырушылары алдында қорғалды.

763 5

Сонымен қатар, ұйымдастырылған мәдени бағдарламалар өте қызықты өтті. Белгілі алаш азаматы М. Шоқайдың ескерткішіне тағзым етілді, Берлиннің көрікті жерлеріне: Ұлы отан соғыс кезінде қаза болған Кеңес жауынгерлеріне ескерткіш, Берлин қабырғасы, Рейхстаг, Бранденбург қақпасы, мұражайлар аралы, коммуникация мұражайларына және т.б. саяхат жасалды.

763 6

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар Орталығына кәсіби мамандар даярлаудың еуропалық жүйесіне енуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін.  

27.04.2016, 03:39
368 қаралым