«Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру » атты аймақтық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2017 жылдың 12 желтоқсан күні желтоқсан оқиғалары және Тәуелсіздігінің 26- жылдығына орай әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты аймақтық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияда алғашқы сөзді кафедраның аға оқытушысы С.М.Тасқынбаева ала отырып, ХХІ ғасырда ұлттық сананы, экономиканың жаңғыруы және саяси реформаларды жаңарту үдерістерін сипаттады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен заманауи Қазақстан тұрақты, дамыған мемлекет болды, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған дәйекті түрде белсенді, мақсатты саясат жүзеге асырылады. Елде бірлік, достық, ұлтаралық келісім атмосферасы жасалған. Оқытушылардың басшылығымен 25 студенттердің баяндамалары мен презентациялары осы негізгі бағыттар бойынша дайындалған.
Конференция қорытындысы бойынша келсі студенттер марапатталды: 1 орын – ОҚМФА-ның 206 А ЖМ тобының студенті Ж.Өмірқұл, 2 орын - ОҚМФА-ның 106 Б ЖМ тобының студенті М.Нурдилдин, Мирас университетінің ИН-711К1 тобының студенті А.Сағындық, 3 – орын ОҚМФА-ның 110 Б ЖМ тобының студенті А.Шырынбек, Мирас университетінің КЛ-711К1 тобының студенті Ш.Дүйсен, агроэкономикалық колледжінің АШМ-37-1 тобының студенті Ә.Сейітмұхаммед, ал басқа студенттер грамотамен марапатталды.
Конференцияны қорытындылай келе, кафедраның доценті м.а. Л.С.Майлыбаева, аға оқытушы З.Ш.Оразымбетова еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет деп атап өтті.