БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЕҢ БАСТЫ МЕЙРАМЫ –ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ!

1200

2017 жылдың 15 желтоқсан күні академия қабырғасында жастар саясаты бөлімі және ОҚМФА кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараның басында ҚР Әнұраны орындалып, ұйымдастыру және экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор, фарм.ғ.д., профессор Б.Қ.Махатов пен ОҚМФА кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.К.Сәлімнің сөзімен басталды. Еліміз тыныш болғанына ат салысқан азаматтарды бір минут үнсіздік құрметпен еске алды.

1201

Содан соң Б.Қ. Махатов қоғамдық денсаулық сақтау саласына үлестерін қосқан қызметкерлерді марапаттады: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Ботагоз Онғарқызы Торланова, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі Сауле Құтымовна Ордабаева, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек ардагері» төс белгісімен - фармацевтикалық және токсикологиялық кафедрасының доценті Бақытбек Тоқмағанбетұлы Мендібаев, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен - фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі Клара Жолбарысқызы Шертаева және фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Закира Әмірқызы Керимбаева, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен фармакология және химия кафедрасының дәрілік өсімдіктер зертханасының аға ғылыми қызметкері Камал Джамалұлы Көшербаев, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальмен - Райхан Ануарбековна Шаймерденова. Оған қоса, ОҚМФА бөлімшелердің қызметкерлері де марапатталып, құрмет грамотасына ие болды.

 1202

Іс-шараның соңында белсенді студенттер концерт бағдарламасын ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды.

1203

1204

15.12.2017, 20:38
342 қаралым