«Біз таңдаған мамандық» атты дөңгелек үстел

895 1

2016 жылдың желтоқсан айының 7 күні «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының IV, V курстарына арнайы «Біз таңдаған мамандық» атты дөңгелек үстел акт залында өткізілді.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры мынадай лауазымдарды атқара алады: денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызметтер сапасы бойынша, медициналық қызметтер стратегиясы мен маркетинг бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және әдіснамасы бойынша), денсаулық сақтау саласында персоналмен жұмыс істеу жөніндегі менеджер (hr-менеджер), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (валеолог, статист, әдіскер), денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары қызметін атқара алады.

 

Дөңгелек үстел өткізуіміздің мақсаты:

Студенттерге болашақта қандай жұмыс орнын таңдауға болатындығын, осы мамандық иелеріне қандай талаптар қойылатындығын және дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жас мамандарға қандай жеңілдіктер бар екендігін түсіндіру.

 895 2

Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар:

1. Жүйке-жүйесі ауруханасының ұйымдастыру – әдістемелік кеңесінің бөлім меңгерушісі – Адасов Қалижан Салманұлы.

2. ОҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Бас маманы – Құдаярова Жанар Оразбекқызы. 

3. №7 Шымкент қалалық емханасының статистик маманы – 

Қожамқұлов Ертай Бекенұлы. 

4. № 4 Облыстық перинаталдық орталық эпидемиолог маманы – 

Айтбаева Жадыра Есімханқызы. 

5. Шымкент қалалық Обаға қарсы күрес стансасының маманы – 

Аханов Бауыржан Абдикашимович.

 

ОҚМФА-ның бөлім басшылары шақырылды:

1. Медициналық факультеті деканы – м.ғ.к., профессор м.а Б.З. Долтаева

2. Медициналық факультеті декан орынбасары – магистр Б.О. Аширов

3. Оқу-әдістемелік орталығының бастығы – ф.ғ.к., А.Г. Ибрагимова

4. Интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы – м.ғ.к., доцент Б.Қ. Досыбаев.

Дөңгелек үстел нәтижесінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері ОҚМФА-ны бітіргеннен кейін қандай мекемеде жұмыс атқаратындығын, жас мамандарға қойылатын талаптарды жақсы маман болу үшін қандай пәндерді тереңірек оқу қажеттігін ұғынды. Дөңгелек үстелге келген студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәлімет алғандарын білдіртті.

20.12.2016, 00:23
452 қаралым