Біз мықты денсаулық үшін!

 
 
Салауатты өмір салтын насихаттауға Ұлт көшбасшысы Елбасының өзі айрықша мән беріп келе жатқаны ақиқат. Халық денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Биылғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында да халықтың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға, спорт алаңдары желісін кеңейтуге тапсырма белгілегені ұрпақ қамын тереңінен ойлағанның жарқын үлгісі. 7 сәуір – Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай Гигиена-2  және Гигиена-1, дене шынықтыру валеология курсымен кафедраларының бірлесе ұйымдастыруымен студенттердің денсаулығын нығайту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында   ОҚМФА-ның спорт залында «Біз мықты денсаулық үшін» атты тақырыпта тәлімгерлік және академиялық топтар арасында спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың шымылдығын Гигиена-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. доцент м.а Ескерова С.Ө ашып, жиналған қауыммен Денсаулық күні жайлы қызықты ақпараттармен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
 
Спорттық іс-шара ең алдымен  ОҚМФА студенттері ұйымдастырған мерекелік флешмобтан басталды. Көреремендер 403 А-403 Б ҚДС, 404 А-404 Б ҚДС және 402 А-402 Б МПІ топтарының студенттерінің керемет флешмобына тәнті болды.
 
 
Сайысқа қонақ ретінде медициналық факультеті, мейірбике ісі мамандығы бойынша декан орынбасары Мұсаева С.Қ., ОҚМФА студенттік кәсіподақ комитетінің төрайымы Баймбетова Б.С. және Гигена-1, дене шынықтыру валеология курсы мен кафедрасының аға оқытушысы Тайжанова М.А. қатысты.
Спорттық бәсекеге 3 топ қатысты :
403 А- 403 Б ҚДС – «Барыс» тобы
404 А-404 Б ҚДС – «Қыран» тобы
402 А-402 Б ДЕІ – «Жалын» тобы
Сайыстың әр кезеңінде топтардың ойнау шеберлігі ғана емес, олардың ұйымдастырушылығы, уақытты тиімді пайдалануы, шапшаңдылығы, күштіліктері   сыналды. Топтар өзара әр түрлі ойындар ойнау арқылы қызу сайысты. Атап айтар болсақ, «Бәйге», «Ұшқыр дәлдегіш», «Бақа секіру», «Баскетбол» және халқымыздың ұлттық ойындарының – «Арқан тартыс», «Асық ату» сияқты түрлері болды.
 
 
Көңілді және қызу тартыста өткен сайыс нәтижесі бойынша 1-орынға «медико-профилактикалық ісі» мамандығының 402 А-Б топтарынан құралған «Жалын» командасы  ие болды. 2-орын «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 403 А-Б  топтарынан құралған «Барыс» командасына бұйырса, 3-орынды 404 А-Б топтарынан құралған «Қыран» командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаз командаларға кафедра атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Спорттық сайыс барысында  ерекше ойынымен дараланған студенттер алғыс хатпен марапатталды. Олар: Алпыс Таңшолпан, Жарбақұлова Ұлмекен және Акимбекова Самал.
 
 
Сөз соңында тағы да айтарымыз, халықтың тұтас денсаулығы  және оны нығайту - үйлесімді іс-қимылдың жемісі екенін баршамыз  ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
 
 
 
15.04.2015, 05:16
919 қаралым