«Біз микроорганизмдермен қоршалғанбыз, микроорганизмдермен әскерленгенбіз» олимпиадасы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Микробиология» кафедрасында 2019 жылдың 3 маусым күні 2 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттері арасында «Микробиология және иммунология» пәнінен «Біз микроорганизмдермен қоршалғанбыз, микроорганизмдермен әскерленгенбіз» атты олимпиадасының ІІ кезеңі өз жалғасын тапты. Олимпиаданың бұл кезеңінде студенттер пән бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

1412 1

Студенттер алдын-ала Петри табақшасында өсірілген колониялар нені білдіретінін және салынған суреттің не себепті таңдалғанын түсіндірді. Айта кетсек, бұл олимпиаданың І кезеңі осы жылдың 17 мамырында өткен және бұған барлығы 19 студент қатысқан болатын. І кезеңнен ІІ кезеңге жолдама алған 10 студент 29 мамыр күні «Микробиология» кафедрасының оқу-тәжірибелік зертханасында еркін тақырыпта, яғни өз фантазиялары бойынша берілген микроорганизм колониясын таза қоректік ортаға сурет арқылы қайта септі.

1412 2

Олимпиадаға Медицина факультетінің деканы – Долтаева Б.З., Медицина факультеті деканының орынбасары – Бергалиева Р.Н., «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының доцент м.а. – Бердалиева Ф.А. және «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы – Нуралиева Г.Н. қазылық етті. Олимпиада жеңімпаздары Петри табақшасында сурет ретінде өсірілген колониялардың күрделілігіне, сондай-ақ олардың мәніне қарай таңдалып алынды.

1412 5

Олимпиада нәтижесі бойынша В-ЖМҚА 03-17 тобының студенті Мамытхан Айдана жүлделі І дәрежелі дипломмен, В-ЖМОБ 13-17 тобының студенті Мирзатиллаев Хамидулла жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен және В-ЖМҚА 03-17 тобының студенті Орынбек Назгүл жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға «Клиникалық микробиология» оқулығы табысталды. «Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Сейтханова Б.Т. барлық олимпиада қатысушыларына қатысқаны туралы сертификатты және естелік сыйлықтарды табыстады. Әділ-қазы алқалары олимпиаданың жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтті. 

1412 6

1412 7

1412 8

1412 9

10.06.2019, 12:36
318 қаралым