«Біз микроорганизмдермен қоршалғанбыз, микроорганизмдермен әскерленгенбіз» олимпиадасы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Микробиология» кафедрасында 2019 жылдың 17 мамыр күні 2 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттері арасында «Микробиология және иммунология» пәнінен «Біз микроорганизмдермен қоршалғанбыз, микроорганизмдермен әскерленгенбіз» атты олимпиаданың І кезеңі 19 студенттің қатысуымен өтті.

1397 1

Олимпиаданың І кезеңі 2 қадамнан тұрды. Олимпиадаға Медицина факультетінің деканы – Долтаева Б.З., Медицина факультеті деканының орынбасары – Бергалиева Р.Н., «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының доцент м.а. – Бердалиева Ф.А. және «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы – Нуралиева Г.Н. қазылық етті.

1397 2

Олимпиаданы «Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Сейтханова Б.Т. студенттерге сәттілік тілеп ашып берді. 1-қадамда студенттер пән бойынша 9 тапсырмадан тұратын нұсқаларға жазбаша жауап берді. Жоғары балды иемденген 12 студент 2-қадамға өтті. І кезеңнің 2-қадамында студенттер оқу-тәжірибелік зертханасында микроскоп астында фиксирленген препараттан қоздырғыштарды дәл тауып, оларға сипаттама берді. Олимпиаданың І кезеңі тартысқа толы болды. Студенттер пән бойынша алған білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. І кезеңнің нәтижесі бойынша ІІ кезеңге 12 студент өткізілді. Бұл олимпиаданың ІІ кезеңі 2019 жылдың 3 маусымына жоспарлануда. Бұл кезеңде студенттер пән бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсететін болады.

1397 3

1397 4

1397 5

21.05.2019, 01:36
356 қаралым