«БІЗ ИНСУЛЬТТАН МЫҚТЫМЫЗ!»

Осындай ұранмен 2019 жылдың 18-19 наурызында Шымкент қаласының «Айдана-плаза» қонақ үйінде Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан жиналған нейрохирургтарды, неврологтарды және реабилитологтарды біріктірген «Инсультология саласындағы өзекті мәселелер, келешек даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің инсульт проблемалары бойынша республикалық үйлестіру орталығы, Оңтүстік Қазақсан медицина академиясының неврология, психиатрия және психология кафедрасы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы.

1343 1

Ғылыми форумды аша отырып, Оңтүстік Қазақсан медицина академиясы ректоры профессор М.М. Рысбеков қарастырылып отырған проблемалардың эпидемиология саласындағы негізгі мәселелерге және ми қан тамыры ауруларының қатер факторларына, ми-қантамыр ауыр патологиясының патогенезіне, церебралды инсульттің ауыр кезеңіндегі науқастарға қарау ерекшеліктеріне, бағытталған оңалту, алғашқы және екінші деңгейлі профилактика мәселелеріне қатысты екенін мәлімдеді. 

1343 2

Инсульт проблемалары бойынша республикалық үйлестіру орталығы (Астана) директоры Е.Б. Әділбеков еліміздегі қан тамыры патологиясы бар науқастарға жәрдем беру бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа инвазивті технологияларды және емханалық практикаға қалыпқа келтіру арқылы емдеу технологияларын енгізу қорытындыларымен таныстырды. 

Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің алдыңғы қатарлы емханаларынан келген өкілдер, осы салаға елеулі үлес қосқан танымал ғалымдар және емдеуші дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушылар қатысты. 

1343 3

Н.А. Жаркинбекованың ойынша, Қазандың әріптестердің – Аймақаралық клиника-диагностикалық орталығы білім беру курсының жетекшісі, дәрігер-невролог Идиль Табиев және ми қан айналымы бұзылған ауыр науқастарға арналған бөлім меңгерушісі Тимура Деминнің (екеуі де Республикалық бас қантамырлар орталығынан, РФ) – тәжірибесі және солардың қатысуымен өткен жұту физиологиясы, пациенттің клиникалық үлгісін ескере отырып ақуыз-энергетикалық қажеттіліктерді өтеу алгоритмі, нейрогенді дисфагияның физикалық оңалтылуы бойынша шеберлік сыныптары дәрігерлерге науқастың күйін түзетуге мүмкіндік береді. Ресейден келген қонақтар аталған тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.

1343 4

Мед.ғ.д., Angels бастамасының кеңесшісі Лев Приступюк (Германия, Украина), ұсынылып отырған жоба инсультті емдеуге бағытталған арнайы оқыту курсын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім беру платформасы екенін атап өтті. Мысал ретінде онлайн оқыту курстарын, симуляциялық оқытуға арналған бағдарламалық жасақтама – Body Interact платформасын, баяндама жасаушыларға арналған ресурстарды, оқытушы бейнематериалдар мен ауруханаларға арналған оқу материалдарының топтамасын келтірді. Angels бастамасы – «Boehringer Ingelheim International GmbH» компаниясы құрған, Еуропадағы инсультпен күресу бойынша Еуропалық ұйым мақұлдаған денсаулық сақтау саласындағы бейкоммерциялық, жалпыеуропалық бастама. Angels бастамасына «Medtronic» компаниясы қолдау көрсетеді. Еуропада ауы инсультті емдеуге дайын кемінде 1500 инсульт орталықтарынан тұратын қауымдастық құрылған. Енді олар Қазақстанда да бар.

Конференция жұмысына Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен жиналған 150 дәрігер қатысты және олардың барлығына сертификаттар берілді. Сонымен қатар, қонақтар көне Түркістан қаласына экскурсия жасап, ЮНЕСКО әлемдік мәдени жәдігерлер қатарына қосылған Қ.А. Ясауи кесенесінде болды.

Конференцияның екінші күні спикерлермен ректор М.М.Рысбеков мырза кездесіп, оларға естелік кәдесыйлар мен сыйлықтар ұсынды, содан соң оларды 2019 жылдың 11-12 қазанында Шымкентте өтетін академияның 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырды.

03.04.2019, 04:07
367 қаралым