Бітірушілердің кәсіби шеберлігін аттестациялау

Фармацевтика факультетін бітірушілердің соңғы «аккорды» бейінді пәндер бойынша объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) технологияларымен тәжірибелік дағдыларын аттестациялау болды.

1191 1

Фармацевтикалық химия бойынша ОҚТЕ-ға тәуелсіз емтихан қабылдаушы ретінде біздің жұмыс берушілер – Ж.М. Нысанбаев, ОҚ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникаларын сараптау орталығының директоры (ДЗ, ММБ ж МТСО), А.Ж. Изтелеуова – ДЗ, ММБ ж МТСО Сынақ зертханасының меңгерушісі, Л.А. Полынчук – «Химфарм» АҚ сапамен қамтамасыз ету бөлімі спецификация секторының меңгерушісі қатысты.

1191 2

Дәрілік препараттар сапасының негізгі көрсеткіштерін анықтауға арналған ОҚТЕ жұмыс станциялары студенттердің зертханалық сабақтарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауына мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен жабдықталған.

1191 3

Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып, дәрілік заттардың сапасын бақылауы бойынша бітірушілердің кәсіби құзыреттілігіне тәуелсіз емтихан қабылдаушылар жоғары баға берді. Жұмыс берушілер білім алушылар үшін жақсы жағдай жасап, еліміздің фармацевтика саласына білікті кадрларды даярлап жатқаны үшін кафедра қызметкерлеріне, академия басшылығына алғыстарын білдірді.

11.07.2018, 00:26
403 қаралым