«Бірлігі жарасқан ел» атты шара
2017 жылы 24 сәуірде қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.Н.Қасымбекова 1-мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған шараны ОҚМФА жатақханасында өткізді. Шараны әзірлеуге 301 ФӨТ тобының студенттері ат салысты. Жатақхана акт залын безендіріп, презентация, ойын, ән-би ұйымдастырды.
1-Мамыр мерекесінің тарихына, осы мерекенің қазіргі кездегі Қазақстанмен қатар басқа елдерде аталуына көңіл бөлінді. Жүргізуші Қуатбек Жасмина кешті бастап, аға оқытушы А.Н.Қасымбековаға сөз тапсырды. Көктемнің наурыз мерекесімен қатар 1-мамыр мерекесі аса күтілуде. Әр елде 1-мамыр күні ерекше тойланады. Басында саяси шара болып қалыптасқан, бүгінгі таңда Отанымызда 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні 130-дан астам этнос өкілдері Қазақстанда тату-тәтті өмір сүруде. Биылғы оқу жылында біздің оқу орнымызға Үндістаннан келген студенттер қабылданды. Олар да білім алып, қазақ және орыс тілдерін үйреніп, басқа студенттермен қарым-қатынас, достық құрып, біздің ұлтымыздың дәстүрлерін, өнерін, өлеңдерін игеруде.
111 (Б) топ студенті Махмуд Бхати кеште «Қазақ жастары» әнін шырқады. Оған қолдау көрсетіп, басқа үнді студенттер, кешке қатысушы жастар би билеп, өлең оқып, ән шырқады. Презентация бойынша сұрақтарға жауаптар берілді, ойындар ойнатылды. Аса белсенді студенттерге сыйақы тапсырылды.
Кешке жастар саясатының жетекші маманы Д.Қанатұлы, кафедра оқытушысы Түкібаев Ө.С., кабинет меңгерушісі Дүйсенбі З.Б., қатысты, шараны жабдықтауға жәрдемдерін берді.
Кеш көңілді де қызықты өтті!