Бірінші Республикалық олимпиада

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы 2022 жылғы 8 қарашада сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтары бойынша «Бакалавриат» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған Бірінші Республикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы, модератор – кафедраның аға оқытушысы – Одзял Даяна Эдуардқызы.
Олимпиадаға үш оқу орнынан – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен (40 студент), Қазақстан-Ресей медициналық университетінен (32 студент) және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан (28 студент) 100 студент қатысты. Олимпиада үш тілде – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өтті.
Республикалық олимпиада 2 кезеңнен, тест тапсырмаларынан және жағдайлық есептерден тұрды. Берілген тапсырмалардың жауаптары плагиатқа қарсы тексерілді. Марапаттау келесі күні өтті, жеңімпаздарға дипломдар (1, 2, 3 орын), сондай-ақ сыйлықтар (1 орын - тонометр және фонендоскоп, 2 орын - фонендоскоп, 3 орын - дәптер, папка және академияның логотипі бар кружка) берілді. Барлық қатысушылар сертификат алды.

09.11.2022, 20:57
435 қаралым