Бірінші қыркүйек - Білім күні
2021 жылдың 1 қыркүйек күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында Білім күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті. Аталған шара әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.
Алғашқы құттықтау сөзімен оқу орнымыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы іс-шараны ашып берді. Ары қарай құттықтау сөзді, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректоры М.Анартаева, ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Б.Нұрмашев жалғастырып, білім алу жолында сәттілік тіледі. Әр факультет декандары оқу үдерісі жайында студенттерге ақпарат берді. Кітапхана-ақпараттық орталық басшысы Р. Дарбичева кітапхана бойынша ақпарат беріп өтті. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша және ішкі тәртіп жөнінде айтып өтті.
Салтанатты іс-шара басқарма қызметкерлері дайындаған академия жайындағы бейне ролик пен концерттік бағдарламаға ұласты.
ОҚМА табалдырығын аттаған барша студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!
