Бірінші Орта Азиялық Паркинсон ауруы және қозғалыстың бұзылулары бойынша конференциясы

Бүгін Шымкент қаласында халықаралық маңызды форум «Бірінші Орта Азиялық Паркинсон ауруы және қозғалыстың бұзылулары бойынша конференциясы» өз жұмысын бастады. Конференцияның ресми ұраны: "Паркинсон Ауруы - үкім емес!" 

Конференцияның ұйымдастырушылары - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Түркістан облысы Денсаулық сақтау Басқармасы, «Еуразия - Қозғалыстың бұзылулары қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның нейрохирургтер лигасы» қоғамдық бірлестігі.

1201 1

Конференция спикерлері  неврология, нейрогенетика саласындағы белгілі ғалымдар :

-  EduardoTolosa - неврология профессоры, Барселона университетінің Биомедициналық зерттеулер институты Паркинсон ауруын зерттеу Бағдарламасының директоры, Барселона университеті клиникасының  Паркинсон ауруы және қозғалыстың ауытқулары бөлімінің аға кеңесшісі, Испания;

- Henry Houlden - неврология және нейрогенетика профессоры, University College of London неврология институты Нейрогентика зертханасының басшысы,  Ұлыбритания;

- Feridun Acar –нейрохирургия  профессоры, Pamukkale University, нейрохирургия Департаментінің басшысы, Денизли, Түркия;

- Selcuk Gocmen – нейрохирургия доценті, Anadolu Hospital медициналық орталығы, Стамбул, Түркия.

Конференцияға қатысушыларға Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы М.Қ. Егізбаев пен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор Рысбеков М.М. құттықтау сөз сөйледі. 

1202 2

Осы форумды ұйымдастыруға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедра меңгерушісі Н.А.Жаркинбекованың басшылығымен неврология, психиатрия және психология кафедрасы үлкен үлес қосты.

1202 3

Конференция аясында Академияда Дөңгелек үстел өткізу, академияның оқу және ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.

14.09.2018, 00:45
403 қаралым