«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі»
2016 ж. қараша айының 18 жұлдызында БҰҰ мен Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ ұйымдастырған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты халықаралық конференциясы өтті. Конференция мақсаты- әлемдік игілік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Аталған конференцияға академиямыздан шет тілдері кафедрасының меңгерушісі А.С.Сайфутдинованың жетекшілігімен 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенттері С.Қален, Э.Саиткаримов, Б.Тәжібаев, Б.Тасболат, Қ.Серікбай және С.Жанәділов, «Фармация» мамандығының студенттері Қ.Зайырхан және У.Бекташева, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті Д.Джабаров қатысты.
Студенттерімізге берілген тақырыптар «2030 жылға дейін су ресурсын сақтау», «Таяу Шығыс босқындары мәселесі бойынша экономикалық шешімдер». БҰҰ-на мүше елдерден келген сарапшылар шешімі бойынша, студенттеріміз Қален Сулуғайша және Серікбай Қайсар «Ең үздік ұйымдастырушы» номинациясын жеңіп алды. Қалған студенттеріміз конференцияға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар иеленді.