«Бір белдеу, бір жол» 2-ші халықаралық конференциясына қатысу

2024 жылғы 16-18 мамыр аралығында Қытай фармацевтикалық университетінің (CPU) шақыруы бойынша Қазақстаннан келген делегация құрамында ОҚМА-ның ФІҰБ кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Шертаева К. Д. және фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедра меңгерушісі фарм.ғ.к., қауым.профессор Ж.С. Тоқсанбаева Нанкин қаласында (Қытай) өткен фармацевтикалық өнеркәсіп, білім беру және қолданбалы медицинаның ынтымақтастығы мен интеграциясы бойынша «Бір белдеу-бір жол» 2 - ші Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.
«Бір белдеу - бір жол» жобасы шеңберінде фармацевтикадағы ынтымақтастық туралы идеялармен алмасу мақсатында конференция жұмысына Қазақстан, Сингапур, Гонконг, Гана, Пәкістан, Тайвань, Малайзия, Ресей, Моңғолия және әлемнің тағы 28 елінен фармацевтика саласының ғалымдары мен мамандары шақырылды.
Конференцияға  қатысушылар мен қонақтар өз зерттеулерінің деректерін таныстырып келесі тақырыптар бойынша пікірталастарға қатысты:
- Табиғи өнімдерді ашу және дамыту;
- Инновациялық Халықаралық фармацевтикалық таланттарды дамыту;
- Салалық ғылыми орталарды, ғылыми зерттеулер мен қолданбалы бағдарламаларды біріктіру.

Конференция соңында ұйымдастырушылар университетке, университет клиникаларына, зертханаларға және фармацевтикалық мұражайға экскурсиялар ұйымдастырды.

28.05.2024, 10:40
281 қаралым