Биологиялық қауіпсіздіктің заманауи негіздері
14 қараша 2022 ж. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында «Медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері арасында циклдің соңғы күні «Биологиялық қауіпсіздіктің заманауи негіздері» тақырыбында семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты: Еліміздегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасы ету арқылы, халықтар арасында жұқпалы ауруларды тұрақтандыру және оның деңгейін төмендетуді қамту болып табылады. Кафедраның аға оқытушысы Л.О. Байконсова білім алушыларға семинардың мақсаты, биологиялық қауіпсіздіктің заманауи негіздері туралы айтып, семинарды ашып берді. Семинарға кафедраның оқытушылары, сонымен қатар В-ЖМҚА 05-18; В-ЖМҚБ 05-18; В-ЖМҚА 06-18; В-ЖМҚБ 06-18 тобының студенттері, жалпы саны 51 студент қатысты. Семинарда В-ЖМҚА 06-18 тобының студенті Зиятбек Ұ. «Биологиялық қауіпсіздік. Анықтамасы, даму тарихы» тақырыбында, сонымен қатар В-ЖМҚБ 06-18 тобының студенттері Кененбаева Б. «ҚР биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері», Есен А. «Биологиялық қауіпсіздіктің заманауи міндеттері мен мақсаттары» тақырыбында баяндама жасады. Семинар соңында, В-ЖМҚБ 06-18 тобының студенті Қуаныш Жасұлан пандемия кезінде басынан өткізген қиындықтарды қағаз бетіне түсіріп, «Коронавирус» деп атау берген өлең шумақтарын оқыды.
Кафедра меңгерушісі - Утепов П.Д
Орындаушы - Авизова З.К