Биологиялық белсенді заттар: дәрі-дәрмектен улы заттарға дейін
Сеченов университеті мен Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедраларының қызметкерлері студенттер мен жас ғалымдардың «Биологиялық белсенді заттар: дәрі-дәрмектен улы заттарға дейін» атты Халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияда Сеченов университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институтының директоры, фарм.ғ.д., профессор Раменская Г.В., Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс токсиколог- маманы, РФ ДСМ Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясының клиникалық токсикология кафедрасы меңгерушінің м. а., м.ғ. к. Симонова А.Ю., Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Ордабаева С. К. құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда халықтың денсаулығына қауіп төндіретін биологиялық белсенді заттарды қолдануға арналған баяндамалар тыңдалды. Қазіргі уақытта табиғи биологиялық белсенді қосылыстардан туындаған жағымсыз оқиғалар туралы көптеген деректер бар. Баяндамаларда табиғаты өсімдік шикізатынан алынған диеталық қоспаларда жиі қолданылатын биобелсенді өсімдік қосылыстар мен олардың салыстырмалы уыттылығы бойынша жүргізілген химия-токсикологиялық талдауға шолулық және эксперименттік жұмыстар көрсетілді.
Конференция жоғары практикалық, әдістемелік және ғылыми деңгейде өтті. Конференцияның модераторлары ұлы ғалым, профессор, биология ғылымдарының докторы Мария Дмитриевна Швайкова ғылыми мектебінің оқушылары – б.ғ. д., профессор Белова М. В. және фарм.ғ.к, доцент Родионова Г. М. болды. Швайкова М. Д.-ның ғылыми және педагогикалық қызметі көптеген жылдар бойы ТМД елдерінде сот-химиясы мен сот-химиялық сараптаманы дамытуға ықпал етті. Мария Дмитриевнаның ғылыми қызығушылықтары ең алдымен тәжірибелік сот-химиялық сараптама сұраныстарымен байланысты болып келген. Швайкова М.Д.-ның дәстүрін жалғастыра отырып, конференцияда токсикологиялық маңызды заттарға химия-токсикологиялық талдау жүргізу және оны сараптамалық практикаға одан әрі енгізу бойынша өзекті баяндамалар жасалды.
Конференция гибридті форматта өтті. Конференция уақыты Сеченов университетінің қабырғасында студенттердің өндірістік тәжірибесінің өтуімен сәйкес келді. Біздің студенттер, СҒК мүшелері Е.Незванова, А. Нұрлыбек, Д. Ким және С. Есенали, биологиялық материалдан оқшауланған мелоксикам мен прегабалинді химия-токсикологиялық талдау нәтижелері бойынша баяндамалар жасады.
Онлайн режимде кафедра қызметкерлері А.Д. Серікбаева биоматрицадан оқшауланған неоникотиноидтардың хроматографиялық әдістемесін әзірлеу және Ж. Т. Мұсабеков «Зәрдегі амлодипинді анықтауға арналған ЖЭСХ әдісі» тақырыбында баяндамамен қатысты. Біздің қатысушылардың барлық баяндамалары ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығының сұранысы бойынша орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылады.
Конференцияда біздің барлық баяндамаларымызды ұйымдастырушылар мен қатысушылар жоғары бағалап, ал оффлайн форматта баяндама жасаған студенттер жүлделі 1 және 2 орындарға ие болды. Токсикологиялық химия бойынша ғылыми мектеп болып қалыптасқан Сеченов университетінің қабырғасында баяндама жасауға мүмкіндік бергені үшін конференцияның барлық ұйымдастырушыларына зор алғысымызды білдіреміз.