«БИОЭТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» СЕМИНАРЫ

2020 жылдың 14 ақпанында ОҚМА биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы, комиссия мүшелері мен магистранттарға «Биоэтиканың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

1503 1

Семинарға Өзбекстан Республикасынан шақырылған: Мухамедова З. М. - ЮНЕСКО GEO бағдарламасындағы биоэтика саласындағы халықаралық сарапшы, фил.ғ.д, Ташкент мемлекеттік стоматология институтының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, Умирзакова Н.А. - қоғамдық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, ӨР Министрлер Кабинеті жанындағы "Оила" ғылыми-практикалық зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, Саттарова Д. Г.-әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ. к., доцент.

1503 2

Комиссия төрағасы, м.ғ.к., қауым. профессор Қауызбай Ж. Ә. «Қазақстан Республикасындағы ғылыми зерттеулердің биоэтикалық сараптамасы» тақырыбында баяндама жасады.

1503 3

Биоэтика бойынша халықаралық сарапшысы З. М. Мухамедова: «Білім беру тәжірибесіндегі биоэтиканың өзекті мәселелері», «Мұсылман биоэтикасының өзекті мәселелері мен мәртебесі» атты баяндамалар жасады. Сондай-ақ Н.А. Умирзакованың баяндамасы «Жаңа репродуктивті технологиялардың этикалық мәселелері» жайлы болды. Барлық тақырыптар өзінің өзектілігі мен қажеттілігімен қызықтырды.

1503 4

Баяндамашылар семинарға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, пікір мен тәжірибе алмасты. Пікірталасқа ОҚМА бірінші проректоры Ж.Б. Бапаев, ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Б.Қ. Нұрмашев, комиссия төрағасы мен мүшелері, ОҚМА ғылыми-клиникалық бөлімінің қызметкерлері мен магистранттар қатысты.

Семинарға қатысушылар биоэтиканың өзекті мәселелерін талқылау аясында одан әрі қарай өзара іс-қимыл жасау туралы мәлімдеді.

20.02.2020, 01:26
222 қаралым