БИОЭТИКА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТҮРІ РЕТІНДЕ

2021 жылдың 10 ақпанында «ОҚМА» АҚ-ның Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы (БжЖК) «Биоэтика медициналық этиканың заманауи түрі ретінде» тақырыбында семинар өткізді. Семинарды Магистратура, докторантура, ғылыми-клиникалық жұмыс басқармасының басшысы А.А. Жақсылықтың белсене қатысуымен «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, БжЖК төрағасы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Ә. Қауызбай және БжЖК-ның жетекші маманы м.ғ.магистрі А.А. Асан өткізді. Семинарға барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша 1 және 2 оқу жылының магистранттары мен докторанттары қатысты.

1637 1

Ж.Ә. Қауызбайдың баяндамасында: биоэтиканың тарихы, принциптері мен мәселелері, этикалық сараптама жүйесі, биоэтикалық зерттеулер жүргізудің құқықтық негіздері, клиникалық зерттеулердің этикалық мәселелері, науқастардың құқықтары және олардың қауіпсіздігі, жергілікті биоэтикалық комиссиясының мақсаттары, міндеттері және құрылымы қарастырылды.

1637 2

БжЖК-ның жетекші маманы А.А. Асан магистранттар мен докторанттардың жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстарына биоэтикалық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар тізімі туралы хабардар етті, сондай-ақ этикалық сараптама туралы пікір алмасып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді.

1637 3

11.02.2021, 02:38
652 қаралым