Бинарлы дәріс - теория мен практиканың ұштасуы

«Фармакогнозия» кафедрасында 2021 жылдың 30 қараша күні ЖШС «Зерде-Фито» фармацевтикалық кәсіпорынның бастығы Жуматаев М.Ж. қатысуымен проф.м.а., фарм.ғ.к. Орынбасарова К.К. ұйымдастырған, интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып қашықтықтан 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 3 курс В-ФӨТОАБ-05-19; В-ФӨТОАБ-07-19 тобының студенттеріне «Табиғи дәрілік қосылыстар химиясы» пәнінен «Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Бинарлы дәріс теория мен практика арасындағы байланысты көрсетеді. Дәріс барысында инновациялық оқыту әдістерінің элементтері қолданылды. Шағын уақыт аралығында қарастырып отырған тақырыптың барлық аспектілерін қарастырдық, әрбір студент толғандырып жүрген сұрақтарына жауап таба алды. Қос лектордың шеберлігі арқасында теория мне практика ұштасты.

Бинарлы дәріс барысында табиғи дәрілік қосылыстар химиясы бойынша ақпаратты негізгі лектор проф.м.а. Орынбасарова К.К. баяндады; ал практикалық бөлімінде ЖШС «Зерде-Фито» фармацевтикалық кәсіпорынның бастығы Жуматаев М.Ж. «Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар» туралы ақпаратты 4 бейне – көрсетіліммен және фитопрепараттармен көрсетіп, айтты. Бейне-көрсетілімде ЖШС «Зерде-Фито» фармацевтикалық кәсіпорында өндіретін дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар туралы баяндалады.

Дәріс соңында теорияның меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері Quizizz платформасында онлайн-тестілеуден өтті. Студенттер көңіл аударатын және ақпаратты дәріс баяндағаны үшін лекторға, сондай-ақ ЖШС «Зерде-Фито» фармацевтикалық кәсіпорынның бастығымен сұхбаттасуға мүмкіндік алғаны үшін алғысын айтты.

Қорытындылай келе, бинарлы дәріс теория мен практиканың арасындағы байланысты көрсете отырып, фармацевттің кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға, жаңа мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Ол дағдыларды қалыптастыруға, кәсіби қызмет барысында білгірлігін көрсетуге септігін тигізеді.

07.12.2021, 19:45
878 қаралым