БИНАРЛЫ ДӘРІС СЕРІКТЕС-ЖОО АРАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ БІРІ
2023 жылы 14 желтоқсанда фармакогнозия кафедрасында 6В10106 – «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттері үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, В-ФҚАБ-01-20, В-ФҚАБ-02-20, В-ФҚ-03-20 топтарында «Ресурстану және дәрілік өсімдіктер экологиясы» пәні бойынша «Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасына және қошаған ортаның ластануына әсер ететін экологиялық мәселелер» тақырыбында ашық бинарлы-дәріс өтілді.
Дәрісті серіктес ЖОО әріптесі Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар негізінің курсы бар кафедрасының меңгерушісі, визитинг-профессор, фарм.ғ.д., профессор К.А. Пупыкинамен бірге фарм.ғ.к., профессор м.а. К.К. Орынбасарова, яғни қос лектор дәріс оқыды.
Студенттердің интернеттен және кітаптардан шексіз ақпарат алу мүмкіндігіне қарамастан, бинарлы-дәріс қазіргі уақытта өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ, өйткені бинарлы-дәрістің мақсаты білімді нақтылау және жүйелеу, зерттелетін ғылымның негізгі және күрделі бөліктеріне ерекше назар аудару болып табылады. Бинарлы-дәріс - интерактивті оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Бинарлы дәріс - бұл екі оқытушының диалогы түріндегі проблемалық сұрақтар негізінде дәрісті оқудың бір түрі.
Бинарлы-дәрістің мақсаты – білім беру жүйесінде өз көзқарасын тұжырымдауға қабілетті оқушылардың сыни-тұрғысынан ойлау қабілетін белсенді дамыту.
Сонымен қатар, дәрістің бұл түрі – бинарлы-дәріс - ішкі және пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың маңызды құралы, яғни теорияны практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді, оқытуды тұтас және жүйелі етеді , оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырады, бағалау мотивациясын арттыруға ықпал етеді.
Бұл дәріс қос тілде мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті, оның барысында профессор К. А. Пупыкина студенттерге экологиялық проблемалардың жіктелуі, химиялық ластанулар, қоршаған ортаны ластаушы заттар және олардың қоршаған ортаға зиянды әсері, экологиялық-физиологиялық факторлар, оның ішінде судың, жарықтың, температураның әсері, дәрілік өсімдік шикізатын жинау шарттары, соның ішінде алғашқы өңдеу, кептіру әдістері, дәрілік өсімдік шикізатын стандартты күйге келтіру, орау, сақтау, тасымалдау туралы айтып берді.
Өз кезегінде фарм.ғ.к., профессор м.а. К.К.Орынбасарова құрамында улы заттар жинақталатын дәрілік өсімдіктер шикізаты, қоршаған ортаның ластануының негізгі көздері, өсімдік шикізатын жинау кезінде әсер ететін экологиялық факторлар, жинау мерзімі, оларды өңдеу, орамдау, тасымалдау туралы мәлімет беріп, түсіңдірді.
Дәріс барысында студенттермен кері байланыс орнатылды, өйткені дәрістен кейін жаңа тақырыпқа қатысты көптеген сұрақтар қойылды, сонымен қатар когнитивті пікірталас кезінде жауаптар берілді.
Бекітілген дәрістің уақыты аз болғанымен, дәріс берушілер зерттелетін тақырыптың барлық аспектілерін толық қамтып, түсіндіре алды. Сонымен қатар, әр студент өзін қызықтыратын сұрақтар қою арқылы толық жауап таба алды.
Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігінің арқасында дәріс өте қызықты және сапалы өтті. Оқытушылар теория мен практиканы нақты уақыт режимінде біріктіре алды. Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті. Студенттер осындай қызықты және сан қырлы дәріс үшін дәріскерлерге алғыстарын білдіріп, алған білімдерін одан әрі тәжірибеде қолдануға уәде берді.