Білім беру барысында жасанды интеллектіні қолданудағы: мүмкіндіктер және қауіптер
2024 жылы 14 наурызда «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедраларының профессор-оқытушылары және оқу әдістемелік бөлімінің әдіскерлерінің қатысуымен «Білім беру барысында жасанды интеллектіні қолданудағы: мүмкіндіктер және қауіптер» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өткізілді. Кафедра меңгерушілері А.Ш.Аширов және Ж.О.Нұржанбаева алғы сөз алды, тақырыптың өзектілігіне, білім беру барысында жасанды интеллекттің тиімділігіне, интеллектуальды іс-әрекеттеріне тоқталды. Семинарда аға оқытушы С.Т.Абдрасилова «Білім беру барысында жасанды интеллектіні қолданудағы: мүмкіндіктер және қауіптер» және Б.Х. Утегенов «Оқыту үдерісіндегі оқытушы мен жасанды интеллекттің ынтымақтастығын жүзеге асыру» атты тақырыптарында баяндамалар жасалынды. Оқу әдістемелік бөлімінің әдіскері Б.М.Рашева және кафедра профессор-оқытушылары сұрақ-жауап беріп, әдістемелік семинарда қызу талқылаулар болды.