«Білім беру бағдарламаларын жетілдіру және оқу нәтижелерін бағалау» семинары

2016 жылдың 1 ақпанның 3 ақпан аралығында оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру бағдарламаларын жетілдіру және оқу нәтижелерін бағалау» тақырыбында  академияда  профессорлық-оқытушылар құрамына  арналған семинар  ұйымдастырылды.

707 1

Семинарға профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен резиденттер  шақырылды.

Оқу семинары 3 бағыт бойынша өткізілді:

1 күні – интернатура кафедралары

2 күні – фармацевтикалық факультет  кафедрасы

3 күні – медициналық факультет кафедрасы

Барлығы  149  адам  оқытылды.

Модераторлары: оқу-әдістемелік орталығының  басшысы А.Г. Ибрагимова, мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі   А.А Сейдахметова

707 2

Оқу семинардың мақсаты  институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын   жаңа  редакцияда ПОҚ хабардар ету болып табылады  (білім берудегі сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттігі), еуропалық стандарттарға сәйкес басшылыққа алатын     ESG  қағидалары  қайта қаралған.

Семинар қорытындысы нәтижесінде білім беру бағдарламалары мен бағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша қарар дайындалған және онда негізгі мақсаттар көрсетілген:

-  1 наурыз  айына  дейін модульдік білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары субъектілерінің  зерттеу  нәтижелерін  қайта қарастыру;

-  Бір айдың ішінде жекелеген пәндер бойынша бағалау парақтарын (чек –парақтары)  әзірлеу   (тақырыбы, бөлімдері  т.б.);

-  Жүйелік әдістемелік комиссиясында  оқытудың тиімді нәтижелерін бағалау мәселелерін талқылау;

-  Оқыту нәтижелерін бағалау үшін жұмыс берушілерімен  дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Семинардың барлық үлестірме мәліметтер мен презентацияларды академияның  сайтынан  «Виртуалдық   әдістемелік  кабинет» бөлімінде  көруге болады.

08.02.2016, 08:01
486 қаралым