«Білім беру бағдарламаларын жасап шығарудағы оқытудың соңғы нәтижелері мен түйінді құзыреттіліктері»

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы  «G-global» коммуникативтік алаңында 2016 ж. 31-ші наурызында клиникалық кафедралардың ұйымдастыруымен бейнеконференция өткізді. Конференцияның қонақтары Семей қ. Мемлекеттік медициналық университетінің «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы - Жетмекова Жұлдыз Төреханқызы и Орынбасарова Баян Аскарқызы.

751 1 

Қазақстан Республикасының 2011-2020 ж.ж. білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасындағы алға қойылған бірқатар мақсаттар: еңбек нарығымен қарым-қатынасты жақсарту; түлектердің құзыреттілігін арттыру; сәйкес оқыту ортасының мазмұны мен әдістемелерін жаңарту. Құзыреттілікке негізделген модульді бағдарламалар, аталған мәселелерді шешуге көмектеседі. Осыған байланысты конференцияның мақсаты  «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», магистратурадағы «Эпидемиология», сондай-ақ, интернатурадағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылды.

751 2 

Конференция барысында білім беру бағдарламаларындағы түйінді құзыреттіліктер мен оқытудың соңғы нәтижелерінің рөлі қарастырылды. Баяндамашылар клиникалық кафедра меңгерушілері болды – м.ғ.к., профессор м.а. Г.Н. Абуова, м.ғ.к., доценттер Н.В. Югай, А.А. Сейдахметова, Г.К. Асанова. Әрбір баяндамадан соң қойылған  қонақтардың қызығушылық танытқан сұрақтарына толық жауап берілді. Қатысушылар конференциядан алған қажетті ақпараттарына алғыстарын айтты. Конференцияны ұйымдастырушылар өз кезегінде, Семей қаласындағы әріптестеріне бірігіп атқарылған істер мен алдағы әріптестігімізге мол алғысын білдіреді.   

02.04.2016, 05:35
443 қаралым