Білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын аттестаттау

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында "Фармация" БББ базалық және бейіндік пәндері бойынша объективті құрылымдық практикалық емтихан (ОҚТЕ) технологияларымен практикалық дағдыларды аттестаттау өтті.
ОҚТЕ тәуелсіз емтихан алушылары ретінде біздің жұмыс берушілер - С.Т. Сұлтанбекова, "BioEtica" ЖШС сынақ орталығының физика-химия зертханасының меңгерушісі, Г.У. Абитаева, ҚР ӘМ "Сот сараптамасы орталығы" Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары Институтының химия-токсикология бөлімінің жоғары санатты сарапшы-химигі қабылдады.

Дәрілік препараттар сапасының негізгі көрсеткіштерін және токсикологиялық маңызы бар заттарды химия-токсикологиялық анықтау бойынша ОҚТЕ-ның жұмыс станциялары білім алушылар зертханалық сабақтарда, сондай-ақ оқу семестрі ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Тәуелсіз емтихан алушылар химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін қолдана отырып, жүргізілген дәрілік заттардың сапасын бақылау және токсикологиялық маңызы бар заттарды химия-токсикологиялық талдау бойынша түлектердің кәсіби құзыреттіліктеріне жоғары баға берді.

Жұмыс берушілер кафедра ұжымы, Академия басшылығына білім алушылар үшін жақсы жағдай жасалғаны, еліміздің фармацевтика саласы мен сот сараптамасы үшін білікті кадрлар даярлап жатқаны үшін ризашылықтарын білдірді.

21.12.2022, 16:26
679 қаралым