БІЛІКТІ КАДРЛАР – ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

Кеше Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына ат басын бұрған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жақында ашылған мұражайдың экспонаттарымен, көпбейінді университеттік клиника макетімен танысып, ЖОО-ның студент жастарымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

1448 1

1448 2

Академия ректоры Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков Елжан Амантайұлы Біртановқа ұжыммен кездесуге келісім бергені үшін алғысын білдірді.

Министр атап өткендей, ол Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан медициналық университетінде сала үшін кадрлар даярлауды қадағалауда. ЖОО-ның жекеменшікке берілуіне байланысты белгілі бір оң өзгерістерді байқауға болады. Әрбір инвестор ұзақ мерзімді перспективада пайда табу мақсатында Денсаулық сақтау үшін кадрлар даярлауға, халықтың денсаулығына инвестиция салмайды. Әрбір инвестор Денсаулық сақтау үшін кадрлар даярлау мақсатында ұзақ мерзімді перспективаға, халықтың денсаулығына инвестиция салмайды. Бүгінде Қазақстанның оңтүстігіне акционердің, облыстық мәслихат депутаты Серікжан Сейтжанұлы Сейтжановтың бастамасымен университет клиникасы салынатыны еліміздің медицина және фармация саласындағы болашақ жетістіктердің кепілі.

1448 4

– Барлық қатысушыларды айтулы күнмен-академияның құрылғанына 40 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өтуімен құттықтаймын, баршаңызға денсаулық, табыс, педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктер, игілік және өркендеу тілеймін, - деп атап өтті Е. А. Біртанов.

1448 5

Сондай-ақ кездесу барысында оқу процесіне, резидентураға, шетелдік студенттерді оқытуға қатысты әңгіме болды.

Министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуін, республиканың медициналық ұйымдарында дәрігерлердің қаржылық қолдауды сезініп отырғаны жөнінде сөз қозғады. Кездесу соңында Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалынан бастап, дербес жоғары оқу орны болған бай тарихы бар ұжыммен кездесуге және сөйлесуге мүмкіндігі үшін қатысушылардың барлығына тағы да алғысын білдірді.

Бұдан әрі екінші жаңа оқу корпусында болған министр Е. А. Біртанов муляждармен, робот-симуляторлармен, тренажерлермен, тәжірибелік дағдылар орталығында Пироговтың үстелімен, сондай-ақ жақында ашылған стоматологиялық клиникамен танысты.

1448 6

1448 7

1448 8

1448 9

Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, қоғам өкілдерімен кездескен болатын. Бұл жиынға Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов қатысты.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА

25.10.2019, 04:27
341 қаралым