«Best teacher» байқауы
27 Наурыз күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілін оқытудың заманауи білім беру әдісін қолдану аясын кеңейту мен насихаттау, қазіргі қоғамдағы ұстаз мамандығының мәртебесін арттыру, кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтерді анықтау, мұғалімдердің үздік жетістіктерін насихаттау, құзырлығын дамыту, педагогтің жағымды бейнесін қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан өсуін ынталандыру мақсатында ағылшын тілі оқытушылары арасында «Best teacher» байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. Байқаудың алғашқы кезеңінде ұстаздар қатысушылар өзі туралы шағын презентация дайындап, оны аудиторияға таныстырды. Екінші кезеңінде білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі, сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті мен кәсіби шеберлігі сыналатын, мұғалімдер ұсынған «Lesson plan» сынға түсті. Үшінші кезеңде сұрақтардың дұрыс және нақты ойын ағылшын тілінде жеткізе білуі, сөйлеу барысында тіл тазалығы, ойлауының сынилылығымен ерекшеленетін «Situation questions» арқылы сұрақтар қойылып жауаптар алынды.
Қатысушылар ағылшын тілінен алған білімдері мен суырып-салма қасиеттерімен байқауда өздерін көрсете алды. Жарыс белсенді өтті, барлығы өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының шет тілдері кафедрасының оқытушысы Томанова Ақмаржан Даниярқызы I орын алды. Ал қалған қатысушылар мақтау қағаздарымен жұбаныш сыйлықтарымен марапатталды.