«Береке мен бірліктің, игілік пен теңдіктің туын көтерген – Наурыз»

Көктем келіп, Наурыз мейрамы басталды. Наурыз – күн мен түннің теңесуін, табиғаттың жаңаруын, жаңа жылдың басталуын білдіретін ежелгі мейрам.

Наурыз – бұл бес мың жылдан аса тарихы бар қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар, басқа да көптеген Азия халықтарының басты мейрамы.

2001 жылдан бастап Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланды. 2010 жылы БҰҰ 22 наурызды Халықаралық Наурыз мейрамы күні деп қабылдады.

746 1

Соған орай осы жылдың 17 наурызында фармацевтикалық, медициналық факультеті және техникалық кәсіби білім беру мамандығы 4 курс студенттері  «Береке мен бірліктің, игілік пен теңдіктіңтуын көтерген - Наурыз» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырды. Мерекелік концерт академиялық деңгейде «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия», «Гигиена-1», «Гигиена-2», «Стоматология ісі», «Фармацевттік өндіріс технологиясы» және «Мейірбике ісі» кафедраларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Мерекені салтанатты түрде ашу үшін академия ардагерлері - фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессоры Меңдібаев Б.Т., фармацевтикалық факультетінің деканы Жұмабаев Н.Ж. және техникалық кәсіби білім беру факультетінің деканы М.А. Отыншиевтарға сөз берілді. Олар Жаңа жылды шығыс стилімен қарсы алу көзқарастардың бірігуі, ұжымшылдық пен бір-біріне көмек қолын созып, адамгершілік рухын көтеру, туыстарымыз мен жолдастарымыз үшін мәртебеміздің жоғарылауын тәрбиелеу, жанұялық қатынастарды, сонымен қатар, халық бірлігін нығайту болып табылатындығын атап өтті. Осының барлығы достығымызда беріктік, іс-әрекеттерімізде ауызбіршіліктің бар екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл мереке - бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен достықтың мерекесі.

746 2

Мерекеге қатысушылар қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлермен танысты. Театрлық миниатюралар виртуалды түрде ұлттық аспаптағы музыкамен сүйемелденіп, күйлер және халық әндері орындалды.

Мерекенің қонақтары демонстрациялық «Тұсау кесер» дәстүрін қызығушылықпен тамашалады, студенттер халық биі және әндерін орындады.

Мереке аяқталған соң қонақтарға ұлттық қазақ асханасындағы тағамдармен үлкен дастархан жайылды.

Наурыз мейрамы ғасырдан-ғасырға ауыса отырып, өскелең ұрпаққа бақыт және табыс, ертенгі күнге деген сенімділік әкеледі.

746 3

24.03.2016, 05:51
444 қаралым