Белсенді әдістер – студенттерді оқытудың нәтижелі тәсілі

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының білікті  мамандары фарм.ғ.к., доцент м.а. Б.И. Турсубекова және фармация магистрі, аға оқытушы Е.Қ. Орынбасаровтың кезекті ашық сабақтары «Фармация» мамандығының 4 курс студенттерімен «Табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды талдау» пәнінен өтті.

1141 1

Зертханалық сабақ оқытудың белсенді әдістерін – CBL, RBL элементтерімен TBL-ды қолданумен өткізілді. Сабақта студенттер оқытушылардан дәрілік құралдарды, медициналық техникалар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық Орталығы тәжірибесінен «шынайы» жағдайлар түріндегі тапсырмалар ретінде алды. Мәселелерді шешу үшін уәкілетті органнан қосымша сараптама жүргізу туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда студенттер дәрілік заттардың сапасын бақылау сынақ зертханасында химик-аналитиктің рөлін атқарады. Осы мақсатта оқу топтары екі топқа бөлінді. Оқытушыдан тапсырмаларды алғаннан кейін әрбір шағын топтар субстанцияларға және дәрілік түрлерге нормативті құжат бөліміне сәйкес фармакопеялық талдау мен тиісті қорытындылар жасады.

1141 2

Белсенді оқытудың әдістемесі бойынша бастапқы білім деңгейлерін on-line режимінде Kahoot бағдарламасымен тестілеу арқылы тексеруді қамтыды. Дәрілік препараттардың қолданылуы және жанама әсерлерін анықтау туралы статистикалық деректерді өңдеу үшін Google түрдегі on-line сауалнамасы әзірленді. Сонымен қатар, студенттерге әртүрлі елдердің фармакопеялары қолданылды: ҚР МФ, РФ МФ, USP, BritP, EurP, JP. Фармакопеялық талдау талаптары салыстырылды және Elsevier компаниясының Science Direct және Scopus халықаралық ғылыми дереккөздері қолданылды. 

Е.Қ. Орынбасаров сабағы пән-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL - Contentand Language Integrated Learning) әдістемесін қолдану арқылы өтілгендігін ерекше айтып кеткен жөн. Ағылшын тілі мен оқылып жатқан пәнді жетік меңгеру студенттерге ұсынылған жағдайлардың барлығынан ең табысты, оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік берді.

1141 3

Шет тілдер кафедрасы, сондай-ақ бейіндік кафедралар оқытушылары ашық сабақтарға жоғары баға беріп, тәжірибе алмасу мақсатымен фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы оқытушыларының тәжірибесін академияның профессор-оқытушылар құрамына ұсынуды жөн көрді.

04.05.2018, 03:47
650 қаралым