Белсенді дәріс арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К. Ордабаева кезекті ашық сабақтарды белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып оқылған ашық дәрісімен аяқтады. 

1373 1

Мәселелік дәрістің ерекшелігі белгісіз препаратты анықтау бойынша ситуациялық есепі шешу болып табылды. «1,4-Бензодиазепин туындылары» тақырыбындағы жоспарлы дәріс материалдың күрделілігімен, дәрілік заттардың алу тәсілдері, физикалық және химиялық қасиеттерінің әр алуандығымен, сонымен бірге сапасын бақылау әдістерімен ерекшеленеді.

1373 2

Ситуациялық мәселені шешу үшін студенттер тәжірибеге бағдарланған сипаты негізіндегі бар білімдері мен дағдыларын қолданып, іздестіру іс-шараларын жүргізеді, білімдерін өз бетімен жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгереді.

1373 3

Лектор студенттердің мәселелік дәрісте ойлау қабілеттерін белсендіру үшін алдын-ала мәселелік және ақпараттық сұрақтар дайындаған. Мәселені ойдағыдай шешу үшін студенттер назарын аударып, оларды тез арада қайта өңдеуге және оны шығармашылық түрде өзгертуге, дәрілік заттардың әртүрлі қасиеттеріне, олардың талдау әдістеріне және дәріс тақырыбына байланысты басқа да мәселелерге назар аудару қажет болды.

1373 4

Белсенді дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын, өз бетінше ойлау қабілеттерін арттырды. Мәселелік дәріс студенттердің лектормен және бір-бірімен тікелей белсене араласуына ықпал ете отырып, оқытушы мен студенттер арасындағы табысты қарым-қатынасқа алып келді.

1373 5

Ашық дәріске Шымкент қ. бойынша ДЗСҰО-ның жетекші сарапшысы Изтелеуова А.Ж. қатысып, лектордың жоғары деңгейлі педагогикалық шеберлігін және студенттердің мәселелік жағдайды шешудегі жоғары белсенділіктері мен қызығушылықтарын атап өтті.

1373 6

25.04.2019, 23:19
373 қаралым