«Бауыр қатерлі ісігін хирургиялық емдеу» шеберлік дәрісі

2017 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында ОҚО ДСБ, ОҚМФА және облыстық онкологиялық диспансері бірігіп «Бауыр қатерлі ісігін хирургиялық емдеу» шеберлік дәрісін өткізді.

992 1

Денсаулық сақтау басқармасы заманауи талаптарды ескеріп дәрігерлерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру мәселелеріне үлкен көңіл бөледі, сондай-ақ Оңтүстік-Қазақстан облысы емдеу мекемелерінде, әсіресе онкология, кардиология, кардиохирургия, акушерлік және гинекология, неонтология және радиология сынды қарқынды дамып келе жатқан медициналық мамандықтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.  

Қазіргі таңда бүкіл әлемде бауыр қатерлі ісігі кең жайылуда, Қазақстанда жыл сайын бауыр қатерлі ісігінің 900 жағдайлары тіркеледі, оның ішінде 100-110 жағдайы ОҚО-да. Бұл кезеңде бауыр қатерлі ісігін АМШК дәрігерлері деңгейінде, гепатологтар мен онкологтардың қатысуымен ерте диагностикалау өте маңызды болып табылады. 

992 2

Шығыс Азияның алдыңғы қатарлы гепатологтары шақырылды - директор Национального Ракового центра Монғолия қатерлі ісік Ұлттық орталығының директоры, хирург-гепатолог профессор Жигжидсурэн Чинбурэн және оның әріптестері - Рентсенбалбар Ганбаатар, Гурбадам Уненбат, Нокхойжав Кхурел-Очир, Батмунх Эрдэнбулган. Бұл шеберлік дәріс аясында бауыр қатерлі ісігі бар науқастарға 6 ота және 20 кеңес берілді. Семинарға қатысқандар онколог, хирург, анестезиолог, компьютерлік томография дәрігерлері. Бауыр қатерлі ісігі бар ауруларды емдеу әдістемесі және тактикасын таңдау үшін дәрігерлердің мультидисциплинарлық тобы құрылды.

05.05.2017, 03:18
385 қаралым