Баскетбол турниры

2017 жылдың 28 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында жоғары оқу орындарының студенттері (ер балалар) арасында баскетболдан турнир өткізілді. Аталған турнирге Шымкент және Түркістан қалаларының 6 оқу орнынан 6 команда қатысты.

985 1

Іс-шараны студенттік кәсіподақ ұйымы, дене шынықтыру кафедрасы ұйымдастырды, сонымен қатар жергілікті команданың студенттері ат салысты. Жеңімпазды анықтау үшін осындай байқауларға анағұрлым дұрыс болатын олимпиадалық тор қолданылды. Турнир қорытындысы бойынша ОҚМИ командасы жеңіске жетіп кубок иеленді. Екінші орынды ХҚТУ командасы (Түркістан қаласы), ал үшінші орынды ОҚМФА командасы қанжығасына байлады. Қалған қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

985 2

Турнир қатысушылары арасында спорт шеберіне кандидаттар да болып, жарыстың сапалы өтуіне қолайлы әсер етті.  

Аталған турнирді ұйымдастырушыларға барлық команда алғыстарын білдірді. 

985 3

985 4

02.05.2017, 07:12
268 қаралым