БАШҚҰРТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының PhD докторанты Бидайбек Р.Н. Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (БММУ) арасындағы екі жақты ғылыми келісім Меморандумы негізінде жоғарыда аталған университеттің фармацевтикалық химия кафедрасы базасында осы оқу жылында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Диссертациялық зерттеу тақырыбына және ғылыми тағылымдама жоспарына сәйкес гемостаз жүйесіне әсер ететін жаңа пурин туындысын, дәлірек айтқанда қан ұю кезінде тромбоциттердің агрегациясын туындататын, коагуляциялық белсенділікті төмендететін жаңа қосылыстың синтезі бойынша докторант мынадай жұмыстарды орындады:
• гемостаз жүйесіне әсер ететін жаңа пурин туындысын алу;
• алынған қосылыстың синтездеу жолдарын оңтайландыру;
• жаңа ксантин туындыларының қайта кристалдау әдістерін табу;
• субстанцияның физикалық константалары мен тазалығын бақылау;
• аралық және соңғы өнімдердің спектральды және хроматографиялық көрсеткіштерін анықтау және т.б. зерттеулер.

Тағылымдамадан өту кезінде докторант жаңа зерттеу әдістерімен, синтездеу жолдарымен танысты. Сондай-ақ, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жоғары деңгейде қолдау көрсетіп, жағдай жасағаны үшін БММУ университетінің басшылығына, профессор-оқытушылық құрамына, оның ішінде кафедра меңгерушісі Е.Э. Кленге, профессор Ф.А. Халиуллинге, доценттер Г.Ф. Магадеева, И.М. Шариповқа және барлық кафедра қызметкерлеріне үлкен алғысымызды айтамыз.

23.08.2023, 16:41
525 қаралым