Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде фармация бойынша халықаралық олимпиада: мұнымен тоқтап қалмаймыз

«Фармация» мамандығының студенттерімен көршілес елдердің ЖОО-мен халықаралық серіктестік аясында «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасы 20 мамыр 2022 ж. Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде өткен 1-ші халықаралық фармацевтикалық олимпиадаға қатысты.
Кафедра командасы БММУ, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, АМУ КеАҚ, ҚМУ КеАҚ және И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы командалары арасында фармакология бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

ОҚМА командасына 3 және 5 курс студенттері қатысты:
Төреханова Камила – топ жетекшісі, 5 курс студенті
Рустембекова Айдана – 5 курс
Маткарім Асем – 3 курс
Амагельді Айгерім- 3 курс
Асанхан Аружан – 3 курс
Ибрахимұлы Ғани – 3 курс
Осер Арайлым – 3 курс
Студенттер тобының жетекшілері: Тоқсанбаева Ж.С. - кафедра меңгерушісі, м.а профессор, Ибрагимова А.Г. – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, м.а доценті, Сырманова Н.Р. - аға оқытушы, Сейдалиева С.Қ. –кафедрасының аға оқытушысы.

21.06.2022, 16:39
471 қаралым