«БАШҚҰРТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» БАЗАСЫНДА ФІҰБ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ КУРСТАРЫ

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында 04.04.2022-30.04.2022ж аралығында Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде фармация кафедрасында онлайн форматта «Фармацияны басқару және экономикасы» циклі бойынша 144 сағат көлемінде келесі оқытушылар құрамы біліктілігін арттыру курстарын сәтті аяқтады:

1. Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы – ф.ғ.к., доцент м.а.
2. Мамытбаева Кульпан Жолдасбековна – аға оқытушы, фармация магистрі
3. Уразбаева Светлана Абдрашовна – аға оқытушы
4. Жанбырбаева Акмарал Данабековна – аға оқытушы, фармация магистрі
5. Джабаркулова Саёра Камалжановна – аға оқытушы, фармация магистрі.

Біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылар келесі тақырыптарды меңгерді:

1. Дәріхана ұйымдарындағы салық салу және салық түрлері
2. Мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
3. Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу. Фармацевтикалық ұйымдардың баға саясаты
4. Дәріханалық ұйымдардың айналым шығындарын талдау
5. Логистика фармацевтикалық ұйым қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде.

Курсты меңгерген соң тыңдаушылар жеке тапсырмалар орындап, тест сұрақтарына жауап берді. Игерілген бағдарламаның нәтижесі бойынша алдағы уақытта алған білімдерін оқу үрдісінде пайдалану жоспарлануда.
«Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ басшылығына «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» базасында біліктілікті арттыру мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.

26.05.2022, 17:17
414 қаралым