Балалар оңалту мәселелерінде жаңа тәсілдерді үйрену
Қоғамдық қайырымдылық қоры «Қасиетті жол» және Қазақстан Республикасының БҒМ және ДСӘДМ әкімшіліктерінің басшыларың шақыруымен Ресейден келген м.ғ.д., профессор Исанова Валида Адимовна Шымкент қаласының Облыстық балалар ауруханасында 2016 жылдың 5 мен 9 желтоксан күндер аралығында «Денсаулығы мүгедек балаларды медикалық-әлеуметтік оңалту» тақырыбына дәріс оқыды және семинар өткізді.
Семинарға бакалаврлар, интерндер, резиденттер, магистранттар және педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасының асисстенттері қатысты. Семинардың негізгі бағыты: өмірге қажетті функциялары – қозғалысы, сөйлеуі, шайнауы, жұтуы,жамбас функциясы бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетуде, яғни БЦС ауруда ребилитациялық көмек көрсетуге арналған жаңа технологиямен таныстыру болды.