«Балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау және кездейсоқ жүктіліктің алдын-алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2017 жылдың 17 наурызда Шымкент қаласындағы №2 мамандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатта ОҚМФА-ның «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасының аға оқытушылары, магистр С.С. Серікбай, А.Н. Тоқбергенова, Ж.К. Абдешова, З.Ж. Несипбаева және «Салауатты өмір салтын сақтау орталығының дәрігер-гинекологы Қазыбаева З.А.-ның қатысуларымен «Балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау және кездейсоқ жүктеліктің алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде оқушылар арасындағы ерте жастағы жыныстық қатынас, ерте жүктелік және оның салдары жайлы, сонымен қатар қазіргі уақытта қоғамдық белең алып жатқан өзекті мәселе екендігі жайлы айтылды. Арнайы шақырылған дәрігер-гинеколог қыздарға өз кеңесін беріп отырды. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, біздің тарапымыздан жауаптар айтылды.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары магистр, аға оқытушылары С.С. Серікбай, А.Н. Токбергенова, З.Ж. Несипбаева.