«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби-шығармашылық кеш
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын болашақ жастарға таныстыру ұсынылды.
14.02.2024 ж. ОҚМА-ң тәрбие бөлімі мен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы және А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби –шығармашылық кеш өткізілді.
Іс шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамытып, ойлау қабілеттерін көркем жеткізе білу дағдыларын ашып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шығармашылық кешке Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Абылайхан Оспанов, өлкеміздің әдебиет майталмандары М.Әбдәкімұлы, З.Қыстаубай, С.Исақ Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы жайында, қазіргі заманғы әдебиет хақында сөз сөйлеп, қаламыздағы №127 мектептің оқушылары мен ОҚМА-ның «Стоматология», «Медицина» білім беру бағдарламаларының 1-курс білім алушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар Б.Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған көрме жасақталып, жазушының шығармашылығы, ғұмыр жолы кеңінен насихатталды.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары өздерінің болашақ мамандықтарын таңдау саласының бірі ретінде адам денсаулығы мен өмірінің қорғаушылары дәрігерлік мамандықтарды қалайтындықтары туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Әдеби кеште ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін кафедраның аға оқытушысы Ибраимова Ақамарал Жамаловна мен В-Стқ-04-23 тобының білім алушылары Маметхан Бақдәулет, Бекмұрат Балжан, Хамитжан Алихан мақтау қағаздарымен марапатталды.