Бакуға сапар шегу

Ұйымдастыру комитетінің төраға, профессор Др. Вугар Әмірұлы Әлиевтің шақыруымен, Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы (ОҚМА) және Шымкент қаласындағы Буын аурулары орталығының басшылығының қолдауымен 2022 жылы 27-28 сәуірде Әзірбайжанның Баку қаласында өткен «Коронавирустық инфекциялық пандемия: диагностика, емдеу және асқынулар» Үшінші Еуразиялық конференциясына «ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Г.Н.Досыбаева және магистр А.К.Ботабекова қатысты. (www.pandemic-conf-2022.com https://konferencii.ru/info/138681).
Конференцияны ұйымдастырушылар: халықаралық іс-шараны ұйымдастырушы «AMIR Technical Services» ЖШС, Азиз Алиев атындағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру мемлекеттік институты, Израиль медициналық қауымдастығы, Астана медицина университеті (Қазақстан), Қазан мемлекеттік медицина университеті (Ресей), «Николай Тестемицану» атындағы мемлекеттік медициналық және фармацевтикалық университеті (Молдова).

Конференцияның мақсаты: диагностикаға арналған білім мен технологиялардың «ноу-хау» тарату, жедел медициналық көмек, емдеу, вакцинациялау және коронавирустық инфекцияның алдын алудағы инновациялық тәсілдер, сондай-ақ инфекцияның ағымы мен таралуына азаматтардың психикасы мен тәртібінің әсері.
Біздің мақаламыз «АРТРИТ ЖӘНЕ LONG COVID: МӘСЕЛЕ ЖОҚ ПА?», авторлары: Шоқан Баймұхамедов, Әлия Ботабекова, Гүлжан Досыбаева, бағдарламаға енгізіліп, конференцияда баяндалды және ол Scopus деректер базасында индекстелген "Israel Medical Association Journal" журналының арнайы санында жарияланады.

Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі әсем көне ел – қонақжай Әзірбайжан жерінде қызықты әрі өзекті уақытылы өткізілген халықаралық конференция әлемге әйгілі ғалымдар мен практиктерді біріктірді, олар тәжірибелері мен білімдерімен бөлісті, пандемия мәселелерін, оның диагностикасы, емі және COVID-тен кейінгі асқынулар мәселелерін талқылады.
25.04.2022ж. Біздің елдеріміздің (Қазақстан және Әзірбайжан) жоғары оқу орындары – Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Әзірбайжан медициналық университеті арасындағы болашақ ынтымақтастығы үшін Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызының алдын ала келісім бойынша Әзірбайжан медициналық университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы, доцент Мушфиг Оружевпен университеттің терапевтік клиникамен танысу өткізілді.

Директор, профессор, д-р.Сурхай Н.Мұсаев бізді клиникамен және университеттің клиникалық кафедралардың (терапия) профессорлық-оқытушылық құрамымен, кейбір терапиялық бөлімдермен (гематология, ревматология, гастроэнтерология) таныстырды.

26.04.2022ж. Біздің болашақтағы ынтымақтастығымызды талқылау үшін АМУ басшылығымен: Әзірбайжан медициналық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, доцент Рауф Бейлеров, Әзірбайжан медицина университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы, доцент Мушфиг. Оруджев, АМУ Халықаралық қатынастар бөлімі бастығының орынбасары. Нигяр Алекберова, АМУ халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, АМУ оқу бөлімінің отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі, ассистенті Илаха Расул, кездесу өтті.

 

Осы жерде болған әрбір адамның жүрегінде із қалдыратын шуақты әсем Баку қаласына рахмет. Біз мұнда алғаш рет болуымыз, оның тарихына, дәстүріне және қонақжайлылығына таң қалдық.

16.05.2022, 11:48
348 қаралым