Бұл өмірде бәрі өткінші, тек ғылым ғана мәңгі
«Ғылым күні» фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылаудың және химия-токсикологиялық талдауының заманауи жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстелмен аталып өтті. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жағдайлары мен нәтижелері және осы бағыт бойынша алдағы даму мәселелері талқыланды.
Кафедраның ҒЗЖ және СҒЗЖ жауапты Махова Е.Г. және Серікбаева А.Д. өз презентацияларында оқытушылар және студенттердің ғылыми үйірмесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен іске асырылуы жайлы, сонымен қатар ғылыми бағыттар мен жетістіктері жайлы атап кетті.
Кафедраның магистранттары Атырханова Қ.Қ., Дүйсенова М.Н., Бидайбек Р.Н., Мирсоатова М.А. және ғылыми үйірме студенттері өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін баяндап, академиялық оқу жылында жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша қысқаша есеп берді.
Профессор Ордабаева С.К. жаңа бақылау құралдары мен эксперименттер, жаңа таным әдістерінің ашылуы, зерттеу нәтижелерінің өңдеу әдістерін жетілдірілуін және басқа новациялар жайлы айтты. Кафедрада жаңа дәрілік препараттар жасалуы жалғасып, патенттер алынған, сапалық көрсеткіштері өңделген, ҰФаУ (Харьков қ., Украина) және БММУ-мен (Уфа қ, РФ) ғылыми келісімдер іске асырылды.
«ОҚМА хабаршысы» республикалық ғылыми журналының редакторы Шаймерденова Р.А. қатысушыларды мерекемен құттықтап, ғылыми зерттеулердің жалғасуын, кафедраның жас ғалымдары бұдан бұрынғы жұмыстардың жетістіктерін дамытып, ғылымды үзіліссіз қозғалыспен жылжытып келе жатқандығын атап кетті.