«Бүкіләлемдік ЖИТС пен күресу күніне арналған «АИТВ/ЖИТС» ұлттық бағдарламасы»
Бүкіләлемдік ЖИТС пен күресу күні - БҰҰ халықаралық күні, 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бірінші рет БДҰ 1988 жылы аталынып, 1996 жылдан бері ЮНЭЙДС өткізіледі. Бұл күн ЖИТС эпидемиясын ескерту үшін, АИТВ-инфекциясы көп таралғандықтан, және де осы аурудың құрбандарын еске алу мақсатында аталынып өтіледі. Көптеген мемлекеттік, қоғамдық және медициналық ұйымдар барлық әлемде осы күні түсіндірмелі және диагностикалық іс шаралар өткізіп тұрады. АИТВ/ЖИТС қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселесінің бірі болып тұр: қазіріг күнге дейін әлемде 35 миллион адам өмірін қысқартты. 2016 жылы бүкіл әлемде АИТВ/ЖИТС 1,0 миллион адам қайтыс болды.
ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері, магистранттары, интерндері мен резиденттері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу Күніне арналған бірнеше іс шаралар дөңгелек үстел түрінде ашық сабақ өткізді, онда викториналар жүргізілді, баяндамалар оқылды және дұрыс жауап берген студенттерге сыйлықтар табысталды.
Бұл акцияның қатысушылары: резиденттер, дәрігер-интерндер, колледждің студенттері. Қатысушылар өткізілген іс шараға жоғары қызығушылық танытты.