«Бүгінгі келісім-болашақ бейбітшіліктің кепілі»

2015 жылдың 03 ақпан күні сағат 15:00-де академияның үлкен мәжіліс залында факультет декандары, тәрбие ісі бөлімі және орыс тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының бастау алуы» салтанатты синхрон-акциясын дайындау және өткізу жөніндегі ТАПСЫРМА-ЖОСПАРЫНА сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы жөніндепрофессорлы оқытушы құрам мен студенттер арасында «Бүгінгі келісім-болашақ бейбітшіліктің кепілі» тақырыбында республикалық  және жергілікті БАҚ өкілдерінің («Отырар», «Айғақ» телеарналары, «Оңтүстік Қазақстан», «Айғақ» басылымдары) қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді. 

Аталмыш іс-шараға облыстық «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының төрайымы Төлепова Гауһар Уалиханқызы, Облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Югай Юрий Борисович қатысты.

 

09.02.2015, 16:53
799 қаралым