Азия университеттерінің Альянсы (AUA) және Бомбей Үнді технологиялық институтының (IIT Bombay) шетелдік оқыту бағдарламасы аясындағы халықаралық тағылымдама
2023 жылдың шілде айының 3 мен 7 аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 3 оқу жылының докторанты Ауанасова Акерке және 7-курс интерні Ирисбаев Бауржан Үндістанның Мумбай қаласындағы Азия университеттерінің Альянсы (AUA) және Бомбей Үнді технологиялық институтының (IIT Bombay) шетелдік оқыту бағдарламасы аясындағы «Жүйелі биология: футуристік қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі үшін аурулармен күресудің цифрлық әдісі» атты интенсивті курсына қатысты. Курсқа Қазақстан, Түркия, Малайзия, Шри-Ланка, Индонезия, Тайланд және Үндістан елдерінен медицина, биология және инженерия мамандықтары тоғысында білім алып жатқан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері қатысты.
Жүйелі биология- әртүрлі биологиялық заңдылықтарды түсінудің жүйелі тәсілдерін қамтамасыз ететін және болашақта футуристік денсаулық сақтау жүйесін құру үшін әртүрлі ауруларды емдеудің жекелендірілген стратегияларын тұжырымдауға жол ашатын қызықты пәнаралық және цифрлық тәсіл.
Курс барысында емдік шараларды ұсына отырып, жүйелі биологияның түрлі аспектілері қарастырылды, сонымен қатар жүйелі биологияның белгілі бір күрделі заңдылықтарды түсінуге қалай көмектесетіндігі егжей-тегжейлі талқыланды (мысалы, қатерлі ісікпен күресудегі және дің жасушаларының өміршеңдігін сақтаудағы олардың даму динамикасын бақылаудағы жаңа терапевтік әзірлемелер).
Бағдарламаға сәйкес, әр түрлі елдердің қатысушылары арасында коллаборация жүргізіліп, жобалар тыңдалды. Осындай коллаборацияның арқасында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жобаны іске асыру туралы әртүрлі көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ әртүрлі елдердің мәдениетімен танысты.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан білім алушыларымызды жобаны сәтті қорғап шығуларымен құттықтап, алдағы уақытта табыстар тілейміз!